Бүгін «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС кәсіпорнының демеушілігімен Жаңақорған ауданаралық ауруханасындағы, жұқпалы аурулар бөліміндегі провизорлық стационарға құны 37,4 млн теңгеге VG70 маркалы екі өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты жеткізілді.
Медициналық аппарат электр қуаты сөнген жағдайда 30 минутқа дейін аккумулятор арқылы жұмыс жасайды және жеті түрлі режимде жұмыс жасау ерекшелігі бар.
Сондай ақ, «Шалкия Цинк ЛТД» ЖШС кәсіпорны тарапынан арнайы сақтық қорғаныш киімдері, пульсоксиметр (пульспен қанға келіп тұрған кислород мөлшерін анықтайтын аппарат) және дәрілік заттар берілді.