Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, күтімге алынған 4 142 мың гектар күздік бидайдың 2 751 гектары ораққа түсіп, 5 652 тонна өнім жиналып, орта өнім гектарына 20,5 центнерден айналса, 3 806 гектар жаздық бидайдың 100 гектары жиналып, барлығы 130 тонна өнім алынып, орта өнімі 13,0 центнерден келуде. Дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда.
Үстіміздегі жылы аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің берген мәліметтеріне cәйкес облыста барлығы 184 739 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (2019 жылы 183,1 мың га). Оның ішінде дәнді дақылдар 99 248 гектарды, майлы дақылдар 5 631 гектарды, мал азықтық дақылдар 62 335 гектарды, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 17 525 гектарды құрап отыр.
«Өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар 1 736 гектарға, мал азықтық дақылдар 2 094 гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 79 гектарға артса, ал майлы дақылдар көлемі 2 242 гектарға азайды. Сонымен қатар, егісті әртараптандыру бағытында облыста алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 80 гектарға, соя 170 гектарға, жүгері дақылы 1 507 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар богарлы жерлерге күздік бидай дақылы егілді. Негізгі дақыл күріштің көлемі 89 623 гектарды құрап, егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1 690 гектарға артып отыр», — деп хабарлайды басқармасының қызметкерлері.
Қазіргі таңда, шаруашылық құрылымдары егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай күтіп баптау жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі күнге күріш егісінің 65,6 мың гектары арам шөптерге қарсы гербицидтермен толық өңделіп, 62,1 мың гектары тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілді. Үстеп қоректендіру жұмыстары жалғасуда.
«Аудандардан алынған мәліметтерге сәйкес, облыста егілген 89,6 мың га күріш алқабының қазіргі таңдағы жағдайы 71,7%-ы жақсы, 25,7%-ы орта, 2,6%-ы нашар деп бағаланса, 31,1 мың гектары түптену және 58,5 мың гектары түтікке шығу фазасында. Сондай – ақ, шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылының 1-ші орымын аяқтап, барлығы 103,1 мың тонна жоңышқа шөбін дайындады. Орта өнім гектарына 26,7 центнерден айналды. Облыс бойынша көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары оңтүстік аудандарда басталды. Бүгінгі күні, көкөністің 570 гектары және бақшаның 650 гектары жиналып, көкөністің әр гектарынан 166,3 центнерден, бақшадан 216,9 центнерден өнім алынуда. Көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда», — деді Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасында.