Дәрі-дәрмек препараттарының жаңа партиясы Үндістаннан ұшақпен жеткізілді.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша COVID-19-ды емдеуге қажет препараттардың тұрақтылық қорын құру үшін бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінгені белгілі. Қала әкімдігі фармецевтік компанияларды қаржыландыруда, яғни дәрі-дәрмектер сатып алу үшін оларға пайызсыз несиелер берілуде.
Бүгін Алматы әуежайына келіп түскен жүкті қала әкімдігінің тұрақтылық қорын құруға бөлген қаржысына «Іңкәр» компаниясы сатып алған. Жалпы салмағы – 33 тонна.
Жаңадан жеткізілген партияда 312 мың қаптама дексаметазон, 105 мың преднизолон, 5 мың цилитаз, 122 мың цефтирол (цефтриаксон), 10 мың зитрозет (азитромицин сиробы), 57 мың фепадол (таблеткадағы парацетамол), 50 мың аксафлокс (офлоксацин офлоксацин), 5мың хумоксибид (моксифлоксацин), 10 мың осельтамивир және басқа да препараттар бар.
Фото: almaty.gov.kz