Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 406 пәтерді құрайтын 87-і тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Биыл шаһарда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 406 пәтерді құрайтын 87-і тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.

Фото: zhodino-online.by

«Жүргізіліп жақтан құрылыстың 815 пәтерінің 20-сы жалға берілсе, 215 пәтердің 57-сі кредитке және 376 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жеке компаниялар есебінен жүзеге асады. Бұған қоса, жыл соңына дейін 698 отбасы пәтерді жалға  алса, ал 115-і кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылар есебінен 156-ы пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға беріледі», — деді Арнұр Әлібекұлы.

Бұдан бөлек, «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасы аясында табысы төмен көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың тұрғын үй алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық екі пайызбен тұрғын үй қарыздары берілуде.