Қызылорда облысының әкімі, «Nur Otan» партияcы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова праймериз өткізудің басталуына байланысты үндеу жариялады.
«Партияішілік іріктеудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелі және айқын негізде мықты көшбасшыларды анықтау. Бұл үшін нұротандықтар қоғамның сеніміне ие болған беделді партия көшбасшыларын өздері таңдайтын болады», - деді аймақ басшысы.
Гүлшара Наушақызы пандемия жағдайына қарай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес партияның барлық күші коронавируспен күрес жағдайында қолдауға мұқтаж қазақстандықтарға көмекті ұйымдастыруға бағытталғанын, праймериз жағдай тұрақталғанға дейін кейінге қалдырылғанын жеткізді. Ахуалға байланысты партияішілік іріктеуге арналған шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өткізілмек. Жаңа цифрлық мүмкіндіктерді халықтың қарқынды қолданатынын ескере келе, онлайн-формат – партияның ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етумен қатар, тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуге де мүмкіндік беретінін атап өтті облыс әкімі.
«Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасын басшылыққа алып отырған праймериз заңды, әділ, ашық, адал да бәсекелік негізде өткізіліп, халықтың өзекті мәселелерін білетін және оларды шешуге қабілетті нағыз көшбасшыларды анықтайтын болады», - деді әкім үндеуде.
Партияға қатысы бар болғанынан қарамастан, праймериз үміткерлердің барлығына бірдей қоғамның мүдделерін білдіруге мүмкіндік береді. Әр түрлі әлеуметтік топтар, әсіресе әйелдер мен жастар үшін тең мүмкіндіктер ұсынылған. Праймериз өткізу – қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды үдемелі демократияландыру процесінің айғағы дей келе, облыс әкімі елді дамыту мақсатында азаматтарды праймеризге белсенді қатысуға шақырды.