Қызылорда облысында 20 мыңнан астам гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Соңғы екі жылда облыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 20 533 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жерді жалға алып, мақсатты пайданбаған учаске иелерімен шарт біржақты бұзылды.

«Ағымдағы жылдың 8 айында жалпы 46,308 гектарды құрайтын жер учаскесіне бақылау шарасы жүргізілді. 52 құқық бұзушылық деректері анықталды. 21 дерек бойынша 4192,33 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 3 дерек бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Президент Жолдауда жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін тиімді пайдалану жолдарын ашып көрсетті. Ол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді әрі мақсатты пайдалануымыз қажет», — деді облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев.

Мақсатты қолданылмай тұрған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасатын болады.