Қызылорда облысындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің басты саласы — егіншілік. Қызылорда облысы бойынша күзгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі жүргізілуде.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, аймақ бойынша 184,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Осы орайда Сыр елінің егінші-механизаторлары алтын дәннен тау тұрғызып, ел-халық несібесін молайтуға сүбелі үлестерін қосты. Оның ішінде күздік бидай 9,5 мың тонна өнім, жаздық бидайдан 4,6 мың тонна өнім, жаздық арпадан барлығы 270 тонна өнім және сұлыдан 4,7 тонна өнім алынды.
Сондай-ақ, картоптың әр гектарынан 147,1 центнерден, көкөністен 198,6 центнерден, бақшадан 231,6 центнерден өнім алынуда. Өңірдің негізгі дақылы күрішке орақ салу жұмыстары 22 тамызда басталып, бүгінгі күнде 81,8 мың гектар күрішке орақ салынып, егін жинау жұмыстарын 15 қазаннан кешіктірілмей толық аяқтау көзделіп отыр және бүгінгі күнге барлығы 420,2 мың тонна астық жиналып отыр.