Сыр өңірінде «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Сыр елінде отбасы құндылығын насихаттауға арналған «Парасатты отбасы» байқауында ауылда тұратын отбасылар жеңімпаз атанды. Байқау жеңімпаздары арнайы сыйлық пен түрлі номинацияларды иеленді. Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментің басшысы Ардақ Ерсейітов марапаттады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды өскелең ұрпақтың бойына бала кезден қалыптастыру мақсатын көздейді.

«Парасатты отбасы» байқауының ІІІ орын иегері Арал ауданынан Әбдіжалеловтер отбасы иеленсе, ІІ орын Шиелі ауданынан Абдурахмановтар отбасына бұйырды. Ал, І орынға Қазалы ауданы, Асқаровтар отбасы лайық деп танылды. Сонымен бірге бірнеше отбасы арнайы номинациялармен марапатталды.