Ауылдағы игі істер: Бородулиха ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алған

Аудан орталығында екі пәтерлі 6 үй салынып жатыр. Ауылды сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасын іске асырудың үшінші кезеңі бойынша жұмыс жалғасуда.  

"Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аймақта бірнеше жылдан бері сәтті жүзеге асып келеді. Бұл жеке инвесторлар қаражатын тарту есебінен іске асырылуда. Көп балалы отбасылар мен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін біржақты ету үшін қарастырылған. Аталмыш бағдарламадан облыстың өзге аудандарымен қоса Бородулиха да назардан тыс қалмады.

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша  екі пәтерлі 6үйдің құрылысы жоспарлануда, кезек тәртібінде көп балалы отбасылар, халықтың осал топтары және кезекте тұрғандардың барлығы пәтер алады. Бұл шамамен 12 отбасы дәл осы жылы жаңа үйлеріне кіреді. Өздеріңіз көріп отырғандай, құрылыс қарқынды жүріп жатыр. 1 үй салынды, екеуінің құрылысы аяқталуға шақ. Биыл тағы үш үйдің іргетасы қаланбақ» дейді  Бородулиха ауылдық округі әкімінің м.а. Бақыт Садықова.

Сонымен қатар, Бородулиха ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта құру бойынша жобаны іске асырудың үшінші кезеңі басталды. Жоспарға сай 1520 адамды қамту көзделген. Ал ауыл тұрғындарының жалпы саны 6000-нан асады. Осынау ауқымды жобаны іске асыру арқылы ауыл жұртын орталық сумен қамтамасыз ету көзделген.

«Ауылымыздағы ауқымыды әрі маңызды жобалардың бірі – сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасын іске асыру. «Қолжетімді ауызсу» бағдарламасы аясында қолға алынған іс. Биыл жобаға 913 миллион теңгеден аса қаражат қарастырылған. Жалпы ұзындығы 37 шақырымды құрайды. Осылайша мыңдаған адамның сапалы ауызсумен қамтылмақ», - дейді Бородулиха ауылдық округі әкімінің м.а. Бақыт Садықова.

Айта кетейік, жоба "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Аталған нысанда 15-ке жуық жұмыс орны ашылған. Мердігерлердің айтуынша, сумен жабдықтау желілерін қайта құру ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады.  

Құрылыс учаскесінің басшысы Нұрлан Сариннің айтуынша «қазіргі уақытта бізде 37 кмдіңн 22-сі төселді. Барлығын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бәрі жұмысқа назар ерекше. Қолданылып жатқан материалдар да сапалы. Бәрін дер кезінде аяқтауға үміттіміз» дейді ол.

Осы айда Бородулиха ауылында бес жолақты жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Екі қабатты ғимаратта шағын футбол, баскетбол, волейбол ойындарына арналған спорт залдар, көрермендерге арналған трибуна, тренажер залы болады. Спорт кешенінде қуаттылығы 30 пәтерлі тағы үш тұрғын үйге шақталған модульдік қазандық орнатылады деп жоспарлануда. Демек, дене шынықтыру-сауықтыру кешені келешекте  өзге де құрылыстармен байланыстырушы буыны болатыны анық.