Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 2021 жылғы 6 айда медициналық авиация желісі бойынша 1397 ұшу орындады

ҰШМҮО мамандары 2021 жылдың 6 айында 1397 ұшу орындады, 2093 пациентке медициналық көмек көрсетті, оның ішінде: патологиясы бар 498 балаға, жарақаттары, жазатайым оқиғалары және уланулары бар 334 пациентке, акушерлік практикадағы шұғыл жағдайлар бойынша 503 пациентке, қан айналымы жүйесі аурулары бар 299 пациентке, 264 жаңа туған пациентке, басқа да аурулары бар 195 пациентке көмек көрсетілді.

Фото: ЦЭМ

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 2568 медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде: медициналық ұйымдарға 1384 пациент тасымалданды, 152 консультация өткізілді, 101 операция ұйымдастырылды, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының медициналық ұйымдарының білікті бейінді мамандарын тарта отырып, 931 қашықтан медициналық қызмет (ҚМҚ) ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының медициналық ұйымдарының білікті бейінді мамандарымен бетпе-бет консультациялық көмек көрсету үшін Азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелері 22 ұшу орындады, сондай-ақ донорлық органдарды алу және тасымалдау үшін 1 ұшу жүзеге асырылды.

Медициналық авиация 6 ай ішінде шетелдік клиникалардан отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының 2 азаматын тасымалдады.

Сонымен қатар, ҰШМҮО-ға жедел медициналық жәрдем ұйымдарының қызметін үйлестіру функциясы бекітілген.

Жедел медициналық жәрдем қызметі 18 дербес станциядан, 123 қалалық қосалқы станциядан және 283 аудандық бөлімшеден тұрады. Облыстық және қалалық ЖМЖ станцияларында бір ауысымда 1481 көшпелі жедел медициналық жәрдем бригадасы, оның ішінде 300 (20,3%) мамандандырылған (дәрігерлік) және 1181 (79,7%) фельдшерлік бригада жұмыс істейді.

Көшпелі бригадалармен жасақталу 76,6%-ды құрайды. Қажеттілік 453 бригаданы құрайды.

Республика бойынша МСАК ұйымы жанындағы ЖМЖ бөлімшелерінде 4-жеделдіктің  санатындағы шақыруларға қызмет көрсету үшін 525 бригада және жіті респираторлық ауру белгілері бар, Сovid-19, пневмонияға күдігі бар немесе ауыратын шақыруларға қызмет көрсету үшін 3207 мобильдік бригада жұмыс істейді.

ЖМЖ қызметінің дәрігерлік кадрлармен толықтырылуы ағымдағы жылдың басынан 82% - ды, ал орта медициналық қызметкерлермен 88,1% - ды құрады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және 13 облыста шақыруларды басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жарақтану деңгейі 100 %-ды құрайды. Ақмола облысын (89,4%), Ақтөбе облысын (10%) қоспағанда, барлық өңірлерде ЖМЖ аудандық бөлімшелерінің санитариялық көлігі ОАА теңгерімінде болуы есебінен санитариялық автокөлікті қадағалау жүйесінің ҰШМҮО-мен 100% интеграциясы жүзеге асырылды.

Бүгінгі күні 2521 бірлік санитариялық көлік бар, оның ішінде 1630 бірлік қалада және 891 бірлік ауылда. 2021 жылдың 6 айында санитариялық көліктің тозуы жаңадан сатып алынған көліктің есебінен 28% - ға азайды. Барлығы 316 бірлік санитариялық көлік: 253-і қаржы лизингі шеңберінде республикалық бюджет есебінен және 63-і жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.

Санитариялық көліктің GPS навигациясымен жарақтандырылуы ұлғайды және 99%-ды құрады, ал медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 6 айда 96% - ды құрады, ЖМЖ аудандық бөлімшелерінде 94% - ды құрады.

2021 жылдың 6 айында шақыртулар саны 2,5% - ға азайып, 3 722 301 шақыртуды құрады. 1000 халыққа шаққанда шақырту көрсеткіші 192,4 құрады.

Кешігулер үлесі азайып, 2,8% - ды құрады. Емдеуге жатқызуға дейінгі өлім-жітім көрсеткіші 0,47% құрады. Сәтті реанимация көрсеткішінің жақсарғаны байқалады және 41,8% - ды құрады.

Сондай-ақ, ҰШМҮО құрылымында күшейтілген, тәулік бойы режимде Ахуал орталығы белсенді жұмыс жүргізеді, оның мамандары құрамына бейінді мамандар (реаниматологтар, акушер-гинекологтер, инфекционистер, пульмонологтар, кардиологтар, нефрологтар және т. б.) кірген сараптамалық топпен бірлесіп, тұрақты негізде медициналық авиация желісі бойынша медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін анестезиология реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіндегі ауыр халдегі пациенттер мен пневмонияның ауыр түрімен ауыратын науқастарға тәулік бойы мониторинг және талдау жүргізеді. Ахуал орталығы жыл басынан бері 90 412 ҚМҚ ұйымдастырды. Сонымен қатар, Ахуал орталығы жанындағы Қазақстан Республикасындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды мониторингтеу және талдау жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс жүргізуде.

ҰШМҮО Оқыту-тренингтік орталығы Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлерінің шұғыл көмек көрсетудің халықаралық стандарттары саласындағы біліктілігін арттыруға маңызды үлесін қосып жатқанын айта кету керек.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында сертификатталған нұсқаушылар бағдарлама бойынша: «BLS, ACLS, РLS» – 348, «Қауіпсіз көлік жүргізу. Қиын жағдайларда қауіпсіз көлік жүргізу» - 175  тыңдаушыны оқытты. Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде акушериядағы шұғыл жағдайлар бойынша – 324, алғашқы көмек (First aid) – 4, кешенді семинар-тренинг (BLS, ACLS, PHTLS, PALS) – 154, ұшу физиологиясы және пациенттерді тасымалдау – 15 шеберлік класстар өткізілді.

В статье: