Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жедел медициналық жәрдем ұйымдары мен стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері қызметінің үйлестірушісі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде өңірлермен мониторинг және жұмыс көрсеткіштерін жақсарту, оның ішінде кадрлық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық жарақтандыру, логистика және басқа да мәселелер бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметін халықаралық озық тәжірибелерге сәйкес жаңғырту жүзеге асырылды.
Жыл сайын ҚР Жедел медициналық жәрдем қызметі республика аумағындағы ҚР азаматтарына, сондай-ақ шетел азаматтарына шұғыл медициналық көмек көрсете отырып, 7 миллионнан 8 миллионға дейін шақыртулар орындайды.
Бүгінгі таңда республикада жедел медициналық жәрдем қызметі 18 дербес станциядан, 130 қалалық қосалқы станциядан және 285 аудандық бөлімшеден тұрады.
Облыстық және қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларында (бұдан әрі – ЖМЖ) бір ауысымда 1484 көшпелі бригада (қалалық – 909, аудандық – 575) жұмыс істейді, оның ішінде 290-ы мамандандырылған (дәрігерлік) және 1196 фельдшерлік бригада.
Республика бойынша МСАК ұйымы жанындағы ЖМЖ бөлімшелерінде 4-жеделдіктің санатындағы шақыруларға қызмет көрсету үшін 536 бригада жұмыс істейді.
Бригадаларға қажеттілік 24-ті құрайды (Атырау облысында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 8, Қарағанды облысында – 2, Қостанай облысында – 3, Қызылорда облысында – 3, Маңғыстау облысында – 3).
Медицина дамуының маңызды бағыты денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық мәселесін шешу болып табылады. 2021 жылы ЖМЖ қызметінің дәрігерлік кадрлармен жасақталуы 79,9% – ды, орта медициналық қызметкерлермен - 87,8% - ды құрады. Еліміздің дені сау халқын қолдау үшін қазақстандық денсаулық сақтау саласына білікті медициналық мамандар қажет екені сөзсіз.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және 13 облыста шақыруларды басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жарақтандыру деңгейі 100% - ды құрайды.
ЖМЖС балансында 2267 бірлік санитарлық көлік, оның ішінде 1393 бірлік қалада және 874 бірлік ауылда бар.
2021 жылы санитариялық автокөліктің тозуы 3%-ға азайды және жаңадан сатып алынған санитариялық автокөлік есебінен 31% - ды құрайды. 2021 жылдың 12 айында 338 бірлік санитарлық автокөлік: қаржы лизингі шеңберінде республикалық бюджет есебінен 253 бірлік және жергілікті бюджет есебінен 85 бірлік сатып алынды.
2021 жылы медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 97 %-ды құрады. ЖМЖ аудандық бөлімшелерінде медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 94 %-ды құрады.
2021 жылы шақырулар саны 15,1 %-ға артып, 8 252 281-ді құрады. Кешігіп орындалған шақырулардың үлесі азайды және 4,3% - ды құрады.
Сәтті реанимацияның көрсеткіші 38,4% құрады.
Өңірлер бөлінісінде көрсеткіштің өсуі Маңғыстау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында орын алуда.
Сәтті реанимация көрсеткішінің төмендеуі Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарында байқалады.
2021 жылғы 12 айда емдеуге жатқызуға дейінгі өлім-жітім көрсеткіші 0,01% - ға азайды және 0,47 %-ды құрады.
Емдеуге жатқызуға дейінгі өлім-жітімнің өсуі Жамбыл облысы мен Шымкент қаласында орын алуда.
Емдеуге жатқызуға дейінгі өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында орын алды.
2021 жылы коронавирустық инфекция бойынша 417 145 шақыруға қызмет көрсетілді, оның ішінде 265 813 адам стационарларға емдеуге жатқызылды.
Жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкерлері әрдайым алдыңғы қатардан табылып: қиын сәтте өзін нашар сезінген пациентке келеді және адамның өмірін құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Жедел медициналық жәрдем қызметі еліміздің азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтауға күнделікті маңызды үлес қосуда.