2022 жылы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы медициналық авиация желісі бойынша 2357 ұшуды орындады

Медициналық авиация денсаулық сақтауды ұйымдарының ерекше, әлеуметтік бағдарланған түрі болып табылады. Жыл сайын еліміздің үш мыңнан астам азаматы оның қызметіне мұқтаж. ҚР азаматтарына медициналық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек көрсету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

Фото: НКЦЭМ

Медициналық авиация жұмысы пациенттерді тасымалдау, бетпе-бет консультациялар, операциялар жүргізу, қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету, донорлық ағзалары мен биоматериалдарды тасымалдау сияқты бағыттарда жүргізіледі. Бүгінгі таңда республика бойынша орташа медициналық авиация тәулігіне 15 ұшуға дейін жүзеге асырылады.

2022 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында медициналық авиация нысанында медициналық қызметтер көрсету үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының диспетчерлік қызметіне 2985 өтінім келіп түсті, оның 628-і жойылды (метеожағдайлар, техникалық себептер, пациенттің жай-күйінің нашарлауы және т.б.).

2022 жылдың қорытындысы бойынша медициналық авиация 2357 ұшуды орындады, оның ішінде тікұшақтармен – 470, ұшақтармен – 1887 (оның ішінде 41 ұшуды азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелері орындады).

Республика шегіндегі медициналық авиация рейстерінен басқа, шет елдердегі медициналық ұйымдарда аса ауыр жағдайда жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды халықаралық тасымалдау жүзеге асырылады. 2022 жылы шетелдік клиникалардан медициналық авиация отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының 16 азаматын тасымалдады.

Донорлық ағзаларды алып қою жөніндегі мамандарды тасымалдау үшін 5 ұшу және 1 биоматериалды тасымалдау орындалды.

Медициналық авиацияның мүддесі үшін 2022 жылы 33 әуе кемесі пайдаланылды-20 ұшақ және 13 тікұшақ. Барлық пайдаланылатын әуе кемелері ҚР Азаматтық авиация комитетінде сертификатталған.

Біздің пациенттеріміз-республиканың медициналық ұйымдарында ауыр немесе аса ауыр жағдайда жатқан, облыстық немесе республикалық клиникаларда мамандандырылған немесе жоғары технологиялық емдеуді қажет ететін адамдар.

Медициналық авиация желісі бойынша өткен жылы 4420 пациентке медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде: 1468 (33 %) патологиясы бар балаларға, 730 (17 %) жарақаттанған, жазатайым оқиғалармен және уланумен ауыратын пациенттерге, 859 (19 %) акушерлік практикадағы кезек күттірмейтін жағдайлар бойынша пациенттерге, 560 (13 %) қан айналым жүйесі аурулары бар пациенттерге, 517 (12 %) жаңа туған пациенттерге, 286 (6 %) басқа аурулары бар пациенттерге.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 5230 медициналық қызмет орындалды, оның ішінде: медициналық ұйымдарға 2381 пациент тасымалданды (45%), 153 бетпе-бет консультация өткізілді (3%), 205 операция орындалды (4%), 2491 (48%) қашықтықтан медициналық қызметтер ұйымдастырылды.

Халыққа консультациялық және жедел медициналық көмек көрсету үшін Астана, Алматы қалаларының республикалық клиникалары мен медициналық ұйымдарынан 251 маман тартылды.

Ахуал орталығының қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде ауыр пациенттер үшін 33143 телефон консультациясын ұйымдастырды. Ахуал орталығы тұрақты негізде елімізде болған төтенше жағдайларға күнделікті мониторинг жүргізеді.

Кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық стандарттары саласында Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ҰШМҮО Оқыту-тренингтік орталығы үлкен үлес қосады. Сертификатталған нұсқаушылар 2022 жылы халықаралық стандарттың мынадай бағдарламалары бойынша «BLS, ACLS, РALS» – 1681, «Жарақат алған кезде емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету» – 356, «Ұшу физиологиясы және пациенттерді тасымалдау» – 87, кешенді семинар-тренинг (BLS, ACLS, PHTLS, PALS) - 457 тыңдаушыға оқыту өткізді. 265 санитарлық көлік жүргізушісі үшін «Қауіпсіз жүргізу. Қиын жағдайларда қауіпсіз жүргізу» тақырыптары бойынша оқыту өткізді. «Жедел медициналық жәрдемдегі диспетчерлік қызмет. Қоңырауды ұстап тұру жүйесі» бағдарламасы бойынша 121 адамға арналған оқытуды өткізді. Медициналық авиация бөлімшелерінің үйлестіруші дәрігерлері мен мамандары үшін ҰШМҮО нұсқаушы-дәрігерлерімен «Ұшудың аэрофизиологиясы» онлайн режимінде дәріс өткізіліп, кейіннен тестілеу және сертификат берді.

Халықтың денсаулығы-елдің тұрақты дамуы мен оның әл-ауқатының басты шарттарының бірі. Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі міндеті өз азаматтарына сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету болып қала береді.

Медициналық авиация қызметі жұмыс істеген жылдар ішінде уақтылы көрсетілген мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмектің, мамандарды жету қиын аудандарға жеткізудің, пациенттерді, сондай-ақ донорлық ағзаларды кейіннен трансплантаттау үшін тасымалдаудың арқасында мыңдаған адамның өмірі құтқарылды.