«Қазақстан инжинирингтің» бұрынғы басшысы қамауға алынды

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ» басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков қамауға алынды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Оның деректеріне сәйкес сот ҰҚК тергеушісінің қолдаухатын қарады және 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Әзірге оны ұстау себептері белгісіз.

Бұдан бұрын хабарлағандай, оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 2015 жылғы ақпаннан бастап ол осы лауазымды атқарды. Бұдан бұрын Қанат Сұлтанбеков Астана әкімінің орынбасары болған.