«Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары «Жетісу тарландары» командасымен кездесу өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.
«Жетісу тарландарын» облыс басшылығы мен жастары атынан Жақсылық Омар құттықтап, өзара әңгімелесті.
«Жастарға «Айбын» әскери-патриоттық ойыны ұнады, өйткені ондаолар өздерін шыдамдылық пен беріктікке сынап көреді, жауынгерлікрухтарын нығайтады, командада жұмыс істеудің не екенін білеалады»-деді «Жетісу тарландары» клубының жетекшісі Ж.Канапиев өз сөзінде. Жастар жарыстың қызықты болғанын, кездескен кедергілер, жеңістұғырына көтерілген сәттегі сезімдері туралы жарыса әңгімеледі.
Ескерте кетейік, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық жиында 600 адам қатысқан. Республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің, өңірлердегі әскери-патриоттық клуб мүшелері мен Ресей Федерациясының Оренбург Президент кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Алматы облысының атынан шыққан «Жетісутарландары» командасы 16 өңірден шыққан әскери-патриоттық клуб арасынан жүлделі 1 орынды иеленді.