Қызылордада Спорт күніне арналған велошеру өтеді

20 тамыз күні ҚР Спорт күніне арналған қала тұрғындары, еріктілер және белсенді жастардың қатысуымен  бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Шара мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастардың велоспортқа қызығушылығын арттыру.

Таңғы сағат 9.00-де «Сыр - Ана» монументі жанында қатысушылар жиналса, сағат 10.00-де велошеру басталады.

Сөре «Сыр - Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылының бойымен Ғ.Мұратбаев көшесі арқылы мәре орталық стадионда аяқталады.

Бұқаралық велошеру өткізу барысында жоғарыда аталған көшелер жабылады. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда.