Шымкентте инновациялық жобалардың байқауы өтеді

«On’tu’stik startap» байқауы «Жас Отан» жастар қанатының филиалы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп жариялануда, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Фото: theamericangenius.com

Аталмыш жоба облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде іске асырылады.

Байқаудың ерекшелігі — «ON’TU’STIK» телеарнасында телевизиялық форматта өтетін болады. Айта кетейік, инновациялық жобалар байқауы Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен іске асырылады.

Негізгі мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 2 млн теңге.

Өзектілігі – мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Бәсекелік қабілет» ұстанымын жастар арасында кеңінен насихаттау.

«Біз бұл байқауды дәстүрлі түрде, жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Себебі, кәсіпкерлік саласы — еліміздің дамуына серпін беретін маңызды салалардың бірі. Жастар кәсіпкерлігін қолдау, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын қазіргі уақыттағы дамыған мемлекеттердің тәжірибиесі көрсетіп отыр», — дейді ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.