Қызылордалық мергендер ел чемпионатынан 7 жүлдені иеленді

Бұл жарыста қызылордалық мергендер 7 медаль жеңіп алды. Оның 2-уі алтын, 5-уі қола медальдар.

Алматы қаласында стенд атудан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Нәтижесінде жекелей есепте дубль - трап бағдарламасы бойынша Максим Коломоец пен Айжан Досмағамбетова  1-орындарды жеңіп алды.  Максим  -  жетінші мәрте, Айжан -  үшінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды.

Микс-трап түрі бойынша Екатерина Ким, дубль-траптан Әлішер Айсалбаев пен Виолетта Ягодарова, командалық траптан  Владимир Иванов пен Игорь Сигитов ел чемпионатының қола жүлделеріне ие болды.

Айта кетейік, жақында ғана Кувейт қаласында өткен Азия чемпионатында дубль-траптан Қазақстан команда құрамында өнер көрсеткен Максим Коломоец қола жүлдегер болса, Айжан Досмағамбетова траптан команда құрамында күміс жүлдені еншілеген болатын.  

Енді Максим Коломоец  келесі жылдың наурыз айында Аль-Аин қаласында стенд атудан өтетін (БАӘ) лицензиялық Әлем кубогына дайындалады.

В статье: