Бүгін Қызылорда қаласындағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты облыстық патриоттық шара өтті. Шара ҚР Мемлекеттік рәміздер аллеясында ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға облыс әкімі Қ. Көшербаев, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер басшылары, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, этномәдени бірлестік өкілдері, әскери қызметкерлер, саяси партия, үкіметтік емес ұйым мүшелері, олимпиада және спорт саласының жеңімпаздары, БАҚ өкілдері, белсенді жастар қатысты.
Сонымен қатар, шара барысында өз саласында елеулі үлес қосып жүрген Қазалы аудандық ауруханасының нейрохирургі Баспаев Кенесары, Бокстан Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі, спорт шебері Тұрсынбай Құлахмет, Облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесінің және Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы, Баймаханов Қайраддин, Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ахметов Марғұлан, шахматтан оқушылар арасындағы Әлем чемпионы Нұрғали Назерке және Қызылорда қаласындағы №2 «Мұрагер» мектебінің 11-сынып оқушысы Демиденко Евгений, Жасөспірімдер арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы Тілеумұратова Диана Аймырзақызы марапатталды.
Биыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 27 жыл толды. Айтулы датаның тарихи маңыздылығын ескере отырып, шаралар Қызылорда қаласы мен аудандарда да қатар өтті.