Қызылорда облысында 121 электронды қызмет көрсетілді

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға мүмкіндік ашылуда. Соның бірі коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу қызметі E.gov.kz электронды үкімет порталы арқылы көрсетіледі. Бұл қызметтер Әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қорпорациясына берілді.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бөлініп, тіркеуші органдары анықталған. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді Әділет органдары жүзеге асырады.

Айта кету керек, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді және есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзыретіне берілген. Осы бағытта 1 шілдеден бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қорпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалымен 121 қызмет көрсетілді.