Сағынтаев алматылықтардың табыс деңгейін көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту керектігін айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысумен Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының отырысы өтті.

Қала мәслихатының депутаттарымен кездесу кезінде қала әкімі Б.Сағынтаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші жартыжылдықтағы негізгі қорытындылары мен екінші жартыжылдықтың міндеттерін талқылады.

VI шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысын мәслихат хатшысы Қалдыбай Қазанбаев ашты.

Кездесу барысында мегаполис әкімі Алматыны дамытудың бірінші кезектегі міндеттері мен бағыттары бойынша өзінің болжамдарымен бөлісті.

Барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша дамудың оң динамикасы сақталған. Мысалы, алты айдың ішінде алты базалық салалардың (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 104%-ды құраған. Инвестиция көлемі 8%-ға, өнім өндірісі 5,2%-ға, құрылыс 3,9%-ға, тұрғын үй салу 2%-ға өсті. Салық жинау 1 трлн теңгеде асып, 10%-ға ұлғайды. ШОБ субъектілері шығарған өнімдер 9,8%-ға көбейді. Жалпы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім шығару (ЖӨӨ) кем дегенде 3,5%-ға өседі деп күтілуде.

Алайда, Б.Сағынтаев қалада шешімін күткен мәселелердің жеткілікті екенін атап өтті.

«Проблемалар бәрімізге таныс. Ол - лайықты жалақысы бар жұмыс орындарының жетіспейтіндігі. Бірінші кезекте қажет азық-түлік бағаларының өсуі, коммуналдық қызмет бағаларының қымбаттауы, тұрғын үйдің жоқтығы, экология, медициналық қызмет сапасы мен қоғамдық қауіпсіздік. Қалалықтар бізден әділ шешімдер мені тиімді іс-қимылдарды күтуде. Біз тура осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Жедел әрі жоғары жауапкершілікпен. Қала қоғамдастығымен ақылдаса отырып», — деп атап өтті Алматы әкімі.

Б.Сағынтаев мегаполисті дамыту перспективаларына тоқталды, мұндағы басты мақсат - қалалықтардың табыс деңгейін көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту.