Алматыда «Бақытты отбасы» пилоттық жобасының аралық нәтижелері таныстырылды

Қазақстанда маусым айынан бастап еліміздің 8 өңірінде отбасылық соттар жанынан отбасын ресурстық қолдау орталықтары ашылды және «Бақытты отбасы» пилоттық жобасы жұмыс істеуде. Отбасын ресурстық қолдау орталығында психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкердің кеңесін тегін алу мүмкіндігі қарастырылған.

«Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанынан отбасын ресурстық қолдау орталықтарын» ашу жобасын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде» дағдарыс орталықтары Одағы" коммерциялық емес ЗТБ жүзеге асырады. ҚР Жоғарғы Соты Жобаның серіктесі және бастамашысы болып табылады.

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда жоғарғы соттарды жаңғырту, атап айтқанда, отбасы мен неке мәселелерін шешу бойынша жеке отбасылық сот құру - ажырасу, балалары болған жағдайда мүлікті бөлісу, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері қарастырылуда. Әзірге сынақ түрінде жүзеге асқан жоба аясында кейбір өңірлерде отбасылық соттар құрылып, жұмыс істеуде. «Бақытты отбасы» жобасының стратегиялық мақсаты - ҚР ажырасуды азайту, Отбасы және неке туралы ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу.

Маусымнан бастап отбасын ресурстық қолдау орталықтарына жалпы көрсеткіш 600-ден астам адам өтініш білдірді, 250-ге жуық жұп татуласуға келісті. Өтініш білдірушілердің ең жасы - 21 жаста, ал одан жоғары - 62 жас. Некедегі өмірінің өтілі бойынша көрсеткіш келесідей: 10 жылға дейін - 345 адам; 10 жылдан 20 жылға дейін - 124; 20 жылдан жоғары – 27. Осыған қарап бүгінгі таңда Қазақстанда ажырасуға өтініш білдірушілер некеде әртүрлі уақытта болғанын аңғаруға болады.

«Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрайымы Зульфия Байсақованың айтуынша, «пилоттық жобаның нәтижелері бойынша біз жобаның операторы ретінде ажырасуды қысқарту, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғау мақсатында Отбасы және неке туралы ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар пулын қалыптастыруымыз керек. Өкінішке орай, Қазақстанда балалардың және ата-ана мен отбасы құқықтарын қорғау бойынша нақты саясат жоқ. Бірақ бүгін біз мемлекеттің осы саладағы жағдайды өзгерту ниетін көріп отырмыз. Отбасылық соттар мен отбасын ресурстық қолдау орталықтарының тәжірибесіне сүйенсек, еліміздегі адамдар диалогқа, татуласуға дайын екендігін, психологтар мен медиаторлармен жұмыс істеуге қарсылық білдірмейтінін көрсетуде, біздің менталитетімізде отбасылық проблемалар болған жағдайда психологқа, медиаторға бару кең таралмаған, егер мемлекет азаматтарға осындай мүмкіндік берсе, қоғамда диалог деңгейі, әріптесін тыңдай білу және ымыраға келу, құқықтық мәдениет, жауапкершілік деңгейі өседі және отбасылық қарым-қатынаста пайда болған талай мәселелерді шешуде мыңдаған отбасына оң әсерін береді». 

Economist ақпараты бойынша, Қазақстан ажырасу саны бойынша әлем елдері арасында 10-шы орында тұр.  Неке бұзу үрдісінің өсуі жалғасуда. 2019 жылғы бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 63 917 неке тіркелді және ажырасулар саны 29073 құрады. Осылайша, жалпы көрсеткіш бойынша ажырасқандар- 45,5% құрайды.

Отбасын ресурстық қолдау орталықтары аптасына 5 күн жұмыс істейді, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (13.00-14.00-ге дейін түскі үзіліс). Орталық мамандарының қабылдауы және кеңес беруі тегін.