Бүгін облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен «Индустриялды даму» бағытындағы партиялық тыңдау өтті. Мәжілісте мемлекеттік «Білім», «Денсаулық» және «Индустрия» бағдарламаларының аймақта жүзеге асырылуы туралы айтылды.
Бірінші кезекте облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова мемлекеттік «Білім» бағдарламасының өңірде жүзеге асу барысы жайлы баяндады.
«Біз өз түлектеріміздің 97 пайызы жоғарғы оқу орындары мен колледждерге түскенін мақтанышпен айтамыз. Бұл жетістікке жету үшін Қ.Елеуұлы білім саласына қатысты батыл шешімдер қабылдап, саланың дамуына көп қолдау көрсеткенін баршаңыз білесіздер! Жалпы, білім саласына қатысты менің ұстанымым айқын: сапалы білім беру арқылы баланың болашағын қалыптастыру. Шынына келгенде, біз барлығымыз осы балалардың келешегі үшін жұмыс істеп жатырмыз»,-деді аймақ басшысы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметов «Денсаулық» бағдарламасының облыста орындалуы туралы айтты.
Мемлекет Басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі экономиканы әртараптандыру, инновацияны дамыту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тікелей шетелдік инвестиция тарту болып табылады.
Осыған байланысты облыс әкімі: «Биылғы жылы индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын аяқтап, үшінші бесжылдыққа аяқ басқалы тұрмыз. Осы орайда, Президент Қ.Тоқаев индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүзеге асыру барысында бұрын жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеру қажеттігін тапсырды»,-деп еске салды.