Қызылордада оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында онлайн семинар өткізілді

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақ тілін деңгейлеп оқытуды жетілдіру: заманауи әдістер мен ұсыныстар» тақырыбындағы республикалық онлайн семинар ұйымдастырылды.

Аталмыш шара ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында оқыту бағдарламаларын жетілдіру, оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында өткен болатын.

Отырысқа аумақтық департаменттердің тілге жауапты мамандары, филолог-ғалымдар, тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қатысты.         

Семинардың күн тәртібіне сәйкес, «Оқу-әдістемелік кешендеріндегі лексикалық-грамматикалық минимумдардың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары» тақырыбында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық  ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты А. Сейітбекова, «Қазақ тілін танымдық-қатысымдық бағдарлы оқыту әдістемесі» тақырыбында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ тілі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Құрманбаева, «Орта деңгей: мультимедиалық технологиялар негізінде оқыту» тақырыбында Ақтөбе облысы  Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері,  педагогика ғылымдарының магистрі  А. Сүгірбаева, «Жоғары деңгей: бейнефильмдер арқылы оқытудың тиімділігі» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының лингвистикалық орталығының оқытушысы Л. Әбілмәжінова баяндама жасады.

Онлайн семинарда қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жетілдіру бағытында ұсыныстар жасалды.