«Бизнестің жол картасы 2020»: Қызылорда облысында бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы кеңеюде

Мемлекет басшысының жолдауында белгіленген шағын және орта бизнесті дамыту тенденциясын қолдау мақсатында аймақ басшысының бастамасымен 2021 жылға дейін «Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып белгіленіп, осы саланы дамытуға жан-жақты жағдай жасалуда.

Фото взято с сайта 7kun.kz

Бүгінде Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында көзделген шағын несиелендіру құралдарын пайдалана отырып, ауылдар мен қалаларда кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе, кәсібін бастайтындар үшін шағын несие ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда. Әрбір ауылдық округтегі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау бизнес» компоненті бойынша оқытылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жалғасады.

Мамандардың айтуынша, бизнесті жүргізудің шарттарын жақсарту мақсатында «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер көрсетуді жалғастыру қажет.

Кәсіпкерлік қызметті жандандыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйверіне айналатын кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмыстар биыл да жалғасын табады. Оның дәлелі, облыс әкімінің 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспарында кәсіпкерлік саласының алдағы жұмыстары нақтыланған: жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды, микро, шағын және орта бизнес субъектілерін кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларға тартуды қамтамасыз етіледі.