Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қаланың Жасыл экономика басқармасының мониторинг және жасыл қорды басқару бөлімінің басшысы Олжас Жаныспаев жыл аяғына дейін 140 мыңнан астам ағаш көшеттері мен бұтақтарды отырғызу жоспарланғанын хабарлады.
Биылғы жылдың 5 қазанында Алматы қаласында «Орман ек» және «Jasyl Almaty» ауқымды акциялары басталды.Осы акциялар аясында Жасыл экономика басқармасы Іле-Алатау табиғи ұлттық паркімен бірге Мохнатка тауына бір күн ішінде 50 мыңнан астам Шренка шыршасының көшеттерін отырғызды. Акцияға 500 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде «Медеу» өңірлік табиғи парк» МҚБ, жоғары оқу орындарының студенттері, «Қазселденқорғау» МБ және Экология департаменті болды.
Сонымен қатар, ол 12 қазанда акцияның Көктөбе тауында жалғасатынын, мұнда шамамен 30-40 мың Сиверс (жабайы) алма ағашының көшеттерін отырғызу жоспарланғанын айтты. Акцияға 800 мыңнан астам адам қатысады.
Айта кетерлігі, дәл осы күні Алматы қаласының 110 мектебінде 4 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылады.
19 қазанда «Атакент» ҚІЫО мен Атлеттер ауылында шаған, үйеңкі, емен, жөке, қайың, талшын ағаштарының 5 мыңнан астам көшеттерін отырғызу жоспарланған.
26 қазанда Саялы және Зерделі ықшамаудандарында 3 мыңға жуық көшеттер отырғызылады.
«Орман ек» - жалпыреспубликалық акция, оны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жариялаған.
«Jasyl Almaty» акциясын қала аумақтарын жасылдандыруға көпшілікті кеңінен тарту үшін Алматы қаласының әкімдігі жүзеге асыруда.