Қазақстанды болашақта бір жайдарманшы басқаруы мүмкін, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осындай болжамды журналист Айнара Байжан Facebook-парақшасында келтірді.
Оның ойынша, халық жүрегінен орын алған жайдарманшылардың болашағына үмітпен қарап, қолдау білдіруіміз керек.
Өйткені олардың бірі Зеленский сияқты жарып шығып, мемлекетті басқаруы әбден мүмкін.
«Кейбір тым «серьезный» ағайлар «Жайдарман» сияқты жалпы КВН ойындарын бос дарақы, арзан әзіл, артық күлкі деп жатады.
Мен бұл пікірге қарсымын. Жайдарман сияқты жобалар көптеген харизмасы, таланты, икемі бар жастардың ашылуына, сахнаға, тв-ға шығуына жол ашып жатыр.
Соңғы кездері байқағаным, тойға барсам, тамада - квн-щик (Астана мен Алматыдан бөлек аудандарда да солай), музыкант — квн-щик, бет ашатын ақын да — квн-щик, «Астана» каналын қосып қалсам, жобаларда квнщиктер, «Қазақстан"» ҰА сериалдарында квнщиктер, 7 арнада да «Тек қана қыздар» командасы, «Балапан» арнасында жайдарманшылардың балалары, бір сөзбен ТВ-да жүргендер - квнщиктер!
Енді эстраданы да «жайдарманшылар» жаулап жатырған сияқты.
Икемі де келіскен, харизмасы, энергиясы аузы-мұрнынан шығып тұрған, мағынасыз ән айтса да, сүйкімді топ бар, «Меховая 8/1» деген. Олар да «Қармақшы» құрамасы деп Жайдарманда жүретін жігіттер.
Үш жігіттің сұхбаттарын көрсем, Қайрат Нұртастардың сұхбаттарынан қызығырақ. Тапқырлар, күлдіре алады. Әнді де тәп-тәуір айтады. Билері келіскен.
Жайдарман, КТА сияқты жобаларды даттай бермей, қолдау керек! Квн-щиктер білімдерін жетілдірсе, тіпті керемет болар еді. Сауаттылық керек.
Қазақстанды болашақта Зеленский сияқты көңілді әрі тапқыр бір квн-ші басқаруы мүмкін деген ой қылаң беріп жатыр…»,— деп түйіндеді ол жазбасын.