Қазақстандық блогер: «Күйеуіңіз көзіңізге шөп салса, өзіңді өзгертетін уақыт жетті»

Ауыр дерттен айыққан блогер қыз Әнел Мұратова опасыздық пен махаббат тақырыбын көтерді, деп хабарлайды stan.kz.

Фото: stan.kz

«Махаббат 3 жыл өмір сүреді дегенге сенбеймін. Менің ойымша, сыйластық, адалдық, қамқорлық — үш қасиет махабатты, ыстық сезімді мәңгі сақтайды. Жолдасынызды барлық жағынан қабылдау, ең бастысы сыйлау — ол адамнын ең үлкен қасиеті. Сыйластық болмаса, любой стадиядағы махаббат ұзаққа бармайды», — дейді Әнел. 

14 ота жасатып, рухы жасымаған жігерлі қыз махаббатқа сенеді. Опасыздық — адамды сатып кеткенмен тең деп санайды. Ал опасыздыққа тап келсе, әйел адам өзіне қарауды ойлау керек дейді.

«Бүгін опасыздық туралы көп хаттар келді. Көзге шөп салу (зина) дін жағынан өте ауыр күнә! Психология жағынан ол адамды сату, екінші жағынан өзіңді өзгертетін уақыт жетті деген сөз. Біз әйел адам тілімізден көп таяқ жейміз. Үндемей қалу деген қиындау болып тұрады, үндемесек те көгеріп тұрамыз. Алла бізді күйеуімізді тыңдауға бұйырды. Бірақ оны орындауға қиналамыз. Ерлі-зайыпты қандай болу керек? Қиын сәтте қасыңда болады. Қамқор болады, қолдайды, демеу береді. Біреуі ашуланып, от болса, екіншісі сабыр сақтап су болып отты сөндіру керек», — дейді ол.

Әнел ерлі-зайыптылардың арасында сыйластық суымаса, махаббат өшпейді деп санайды. Ол үшін ұрыс-керіс болмай, ашу туса, бірі үндемей, сабырлық сақтау керек дейді. 

«Біреуі уайымдап, мазасызданып тұрса, екіншісі жанының тыныштығы болу керек. Біреуі шаршаса, екіншісі қолдау керек. Осылай екі жақтан екеуі нәзік сезім үшін тырысса, ешнәрсе жасырмай, толық ашылса, қолдау көрсетсе, толық қабылдаса, міне сонда өшпес сезім махаббат сақталады», — деді қыз. 

Айта кетейік, Әнел ауыр дертке шалдығып, аурудан емделіп шыққан. Ауыр халде жанында болған Мәрлен мен Әнелдің махаббат хикаясына халық куә. Олардың таңғажайып махаббаты көпшілікті жылатып та, қуантып та үлгерді.