Димаш әлеуметтік желідегі ең танымал әлемдік 10 әртістің қатарына кірді

Америкалық NetBase Quid тәуелсіз зерттеу компаниясы анализ жасап, қараша айында әлеуметтік желілерде есімі көп аталған үздік он әртісті атады. Олардың қатарына қазақстандық Димаш Құдайберген кірді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: kudaibergenov.dimash/Instagram

Димаш танымал ондықтың ішінде тоғызыншы орынға жайғасты. Аталған тізімде америкалық әнші Taylor Swift көш бастады. Екінші орынға оңтүстіккореялық BTS тобының мүшесі JIN, ал үшінші орынға оның жерлесі Blackpink тобының мүшесі Lisa жайғасты. 

Үздік ондықтың ішінде Justin Bieber, Ariana Grande, Adele сынды әлемге танымал өнер иелері бар.