Қазақстандық әнші әйгілі Ninety One-тобының экс мүшесі Азамат Зенкаевпен жолдары ажырағанын айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Ерке Есмахан өзінің Instagram-парақшасында жазылушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.Сонда әншіге «жігітіңіз қайда?» деген сұрақ қойыпты.
«Жолымыз ажырады! Екі бөлек кеттік. Бұл ортақ шешім емес. Бұл менің қалауым болды. Енді алдағы уақыт бір Алланың еншісінде. Тек жақсылық болсын!» — деп жазды Есмахан.
Басқа біреу ажырасуларының себебін білейін деп, «измена жасады ма?» деген сұрақ қойды.
«Жоқ! Ондай жасайтын адам емес. Себебін сұрамаңыздар, айтпаймын», — деп жауап қайтарды әнші.
Айта кетейік, жақында ғана Ninety one тобының экс-мүшесі Азамат Зенкаев жеке әнші ретінде жаңа бейнебаянын ұсынды. Оған Ерке Есмахан да қатысты.
Читайте также: Ерке Есмахан призналась, что встречается с экс-участником группы Ninety One