Қазақстандық танымал блогердің анасы дүниеден өтті

Блогер Эльмира Төлегенова анасының о дүниеге кеткені жайлы Instagram-парақшасында жариялады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: @elt6i

Отандық блогердің анасы 16 қараша күні қайтыс болды. 

Ол анасының небәрі 42 жаста болғанын, ауырғанын айтты. Сонымен қоса анасы бір күн бұрын туған күнін тойлаған болатын. 

«Енді қоңырау шалып, сенің дауысыңды ести алмаймын. Бұған сену мүмкін емес. Жай ғана кетіп, кейін қайтып келетін сияқтысын. 42-ге толдың, ерте кеттің, сүйікті анам», — деп жазды Эльмира Төлегенова.