Дикий Арман алғаш рет әке атанды

Дикий Арман лақабымен танымал криминалдық авторитат Арман Жұмагелдиевтің тұңғыш баласы дүниеге келді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: armandzhumageldiev

Ол туралы өзінің Instagram-парақшасында жариялады.

«Әл-хамду ли-Лләһ қызым Мәриям-Медина Алланың мейірімімен дүниеге келді. Алғаш рет әке атандым, жылы лебіздеріңізге рахмет айтамын. Қазақ елінің абыройлы қызы болады деп сенемін. Қазақ елім аман болсын! Аллахым елімізге күш-қуат, берекет, тыныштық берсін, аумин», — деп қуанышымен бөлісті Арман Жұмагелдиев.

Оны айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева да құттықтады.

«Шымкентке жиналып жанталасып жатсам, сүйінші хабар келді. Ал Ареке тұңғышыңның бауы берік болсын. Марьям қызымыз Хадишадай ардақты, Асиядай ардақты, Айшадай ақылды болып өссін! Қуаныштан толқып тұрмын. Қызыңыз майкөтен болып келіп, артынан өзіңіз сияқты батыр ұлдар ерсін», — жазды айтыскер.