Бүркіт – өзге ұлттан қыз алған әншілердің бірі. Аиша (Виктория) екеуі бүгінде үш баланың бақытты ата-анасы. Әйткенмен, екі ұл өсіріп отырған Бүркіт болашақта олардың өзге ұлттан келін әкелуіне қарсы. Бұл туралы ол «Жұлдыздың жары» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Осыдан 11 жыл бұрын Бүркіт Викторияны шаңырағына келін етіп әкелгенде әншінің анасы қарсы болмаған. Керісінше қуанған. Ал ғұмыр бойы әскери қызметте істеп, балаларын қатал тәрбиелеген әкесі Аишаны бірден ұнатпаған көрінеді.
«Анам жақсы қабылдады. Ең алғашқыда Аишаны бейнебаянға түсірген кезде анам көріп: «Мына қыз жақсы ғой», деді. Менің анам адам таниды. Жақсы екенін білетінмін, анамның сөзінен кейін ойланып қалдым. Беташарға алып келгенде анам бірінші болып қуанған», – дейді Бүркіт.
Ал өз ұлдарына келгенде Бүркіт олардың өзге ұлттан келін әкелуіне қарсы екенін білдірді. Бірақ, соңғы шешімді өздеріне қалдыратынын жеткізді. Айта кетейік, Бүркіттің Зейін және Омар есімді екі ұлы бар.
«Оны көре жатармыз, өздеріне байланысты. Мен әрине «қазақтың балаларысыңдар, қандарыңды бұзбаңдар!» деп айтамын. Бірақ таңдау өздерінде болады. Қазір заман өзгеріп жатыр», – дейді өнер иесі.
Виктория Бүркітке тұрмысқа шығар алдында ислам дінін қабылдап, Аиша атанған болатын.
Оқи отырыныздар: Таңатпай ауланы сыпырып, шай қайнатады: Қара нәсілді келін елді таң қалдырды