Отандық танымал өнер иелері Жаңа жыл қарсанында жанұйясымен бейнебаяндарын салып немесе фотосессия жасап жүрсе, Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртассыз, тек қана балаларымен фотоға түсіп жүр. Жұрттың пікірінше, актриса жолдасымен ажырасып кеткен, бірақ оны жасырып жүр, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа жыл қарсаңында балаларымен ерекше фотосессия жасауды ұйғарған.
«Жылулық. Махаббат. Бақыт. Төрт құбылам», – деген жазба қалдырды Әбдікәрімова фотосының астына.
Өнер иесінің балаларымен түскен суреттері елдің ыстық ықыласына да бөленді және қызу талқыға да түсті. Қайратты байқамаған көпшілік «Қайрат пен Жұлдыз айырылысып кетті ме?» деген пікірлерін қайта жазды.
«Қайреке неге көрінбейді? Қайрош ағам қайда жүр екен. Сонғы кезде мүлдем көрінбей кетті. Екеуі ажырасып кеткені рас қой дим осы», – деп жазды оқырмандар.
Еске сала кетейік, 2 қарашада Instagram желіcінде Қайрат Нұртастың бейтаныс бойжеткенді көлікке күштеп отырғызып жатқан видеосы тарап кетті. Бұл бейнежазба Казнетте бірден шу тудырып, халықтың қызу талқысына түсті. Алайда, Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова бойжеткеннің шын мәнінде кім екенін түсіндіріп берді. Продюсерінің айтуынша, видеодағы қыз оның келіні Жұлдыз Әбдукәрімова.