Қазақстандық әнші Ерке Есмахан айлық табысы жайлы айтты. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірдей табатынын айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Instagram-да оқырмандарының бірі әншінің табысы жайлы сұрады.
«Осы кісілердікімен бірдей. Лям больше, лям меньше», — деп жазды Ерке Есмахан Нұрсұлтан Назарбаев және Димаш Құдайбергенмен бірге түскен суретін жариялап.
«Үйде анам, ұлым, бауырларыммен. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Бақытты болыңыздар», – деп бөлісті Есмахан.
Әнші мереке күні дастархан жасауға қатыспайтынын жеткізді.
Ерке Есмахан шығармашылық жоспарларымен де бөлісті. Әнші келер жылы жеке ән кешін беруді жоспарлап отырғанын айтты.