Салтанат Бақаева көпбалалы ана атанды

Қазақстандық әнші, актриса Салтанат Бақаева төртінші баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі. 

Фото: @saltanat_bakayeva

«Құрбым Мақпалдың @makpalkaa кеңесімен толғақ басталысымен «Бақара» сүресін қосып қойған едім. Аллаға сансыз шүкір, көмегі тиді. Алланың қалауымен бәрі жақсы өтті. Мені енді көпбалалы ана десеңіздер болады», ― деп жазды ол желідегі парақшасында.

Stan.kz-те айтылғандай, Салтанат Бақаеваның жары Нұржан ― кәсіпкер. Олардың Әмір, Әділ және Айтөре есімді үш ұлы өсіп келеді. Енді олардың қатарына тағы бір батыр қосылды.

Өткен жылдың қыркүйек айында Бақаева аяғының ауыр екенін жария етті. Көп ұзамай актриса гендер-пати жасап, ұл күтіп жүргенін айтты.