Блогер Айжан Байзақова анасын пластикалық ота жасатуға көндірді. Алайда ол анасының сыртқы келбеті қандай өзгерістерге ұшырайтынын айтқан жоқ, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Айжан Instagram желісінде анасымен осы тақырыптағы диалогін жариялады.
«Мен жалпы пластикалық хирургпін. Бұл жағынан тәжірибем бар. Сондықтан анамды да пластикалық операция жасауға көндіремін. Ол өте әдемі, бірақ қазір 21 ғасыр. Неге болмасқа? Болды, мен қазір тек осы операция үшін керемет хирург іздеймін», ― дейді Байзақова анасына.
Алғашында анасы мұндай ұсынысқа ойланатынын айтқан. Ақырында пластикалық ота жасауға келісті.
Еске салайық, бұған дейін Айжан ринопластика жасатқанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол барлық пластикалық оталарға дейін өзінің қандай екенін көрсетті. Қазір ол өзін жақсы көретінін айтты. Бұл ретте Айжан сыртқы келбетіне еш наразылық білдірмей, әйелдің сыртқы келбетін сынай беретін ер адамдарға ашуланды.