Саят Медеуов жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы хабар тарады

Белгілі әнші Саят Медеуов жол апатына түсті. Ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне әнші Досымжан Таңатаров растады, деп хабарлайды «NewTimes.kz».

Фото: qazaqstan.tv

Алайда ол апаттың мән-жайы мен әншінің денсаулығына қатысты ештеңе айтпады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Саят Медеуовтің жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы хабар тарады.

Рүстем Арсланов есімді композитор желіде «Саят ағамыз аман-есен сауығып кетсін» деп жазды.

Саят Медеуов 1973 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Медеуов көпшілікке «Көк шолақ», «Сен көріктісің», «Алтыным», «Бозторғай», «Қайран жастық», «Мен сені қалай сүйгенмін», «Саған арнадым», «Өзіңді аңсап», «Ауылым» секілді әндерімен танылды.