Халықаралық әйелдер күніне орай әнші Роза Әлқожа концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.
Сол концерт кезінде әншінің тыңдарманы оған пәтер сыйлаған болатын. Ол туралы белгілі журналист Әлия Құдайбергенова өзінің Instagram парақшасында айтып берді.
«Розаға залдан бір көрермен жігіт жүгіріп шықты да: «Сізді анам жақсы көреді. Алматыдан мына пәтердің кілті сізге, шын жүректен» дегенде, Розканы білмедім, біз шок болдық», ― деп жазды ол.