Әлеуметтік желіде баспалдақтан қиналып көтеріліп жатқан жылқының видеосы тарады. Сол атты күштеп кіргізген ер адамды желі қолданушылары жазалау керектігін айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Видеодағы ер адамның қолында қой терісіне ұқсас зат бар. Көкпар ойынынан жүлделі қайтып келе жатқан болуы мүмкін, деп болжады әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары жылқыны аяп, видео астында ашулы комментарийлер қалдырды.
«Жылқыға обал болды ғой! Ал адамның есі дұрыс емес-ау»,
«Мінген екен, қалай түсірді екен. Атқа обал болды-ау. Санасы соған жетіп тұр ғой»
«Жануарды аяп кеттім», «Атты қорлауға болмайды».