Бүкіләлемдік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан Түркияда ауызашар жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол Ыстамбұлда жергілікті қазақтардың басын қосқан. Қонақтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ақжарма тілегін айтты.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан қонақтардың қатарында көпке белгілі Мұхамеджан Тазабектің де отырғанын байқауға болады.