«Қазір кітап ешкім оқымайды»: 82 жастағы қырғызстандық профессор TikTоk жұлдызы атанды

Әлеуметтік желіде Қырғызстандағы 82 жастағы профессор, медицина ғылымдарының докторы Алтынай Карасаева туралы қызық дерек тарап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Видеодағы кадр

Ол 82 жасқа келіп, Tik Tоk-тың жұлдызы атанған екен. Профессор Tik Tоk-тағы алғашқы видеосын 2 жыл бұрын түсірген. Содан бері ол бейнежазба жариялап, көпшілікке өмір, денсаулық жайлы кеңес беріп келеді.

«Мен бұрын профессор ретінде қалың кітаптар жазып жүретінмін. Кітапты өз ақшама шығаратынмын. Аудармамен де айналыстым. Қазір қанша кітап жазсаң да, шығарсаң да ешкім оқымайды екен. Сондықтан мен бүгінгі күннің талабын, яғни, ақпаратты жеткізудің маңыздылығын ескеріп, Tik Tоk-та халыққа пайдасы болады-ау деген видеоларды жариялай бастадым. Маған Акыл деген немерем көмектеседі. Ол 22 жаста», ― деді ол.

Tik Tоk-тың қарт жұлдызының парақшасына жазылушылар да күн өткен сайын көбейіп келеді. «Апайдың видеолары қызықты және тартымды» дейді желіні қолданушылар.