Алматыда Қоғамдық кеңеске кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша 192 адам Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына ену үшін сайлауға қатысады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Айта кету керек, үміткерлердің 40%-ы әйелдер. Байқауға қатысушылар арасында ҮЕҰ өкілдерінің үлесі басым - 40%-дан астам. Үміткерлердің 20%-дан астамы жастар. Сонымен қатар, білім беру саласының өкілдері өтініш берушілердің жалпы санының 10%–ын, денсаулық сақтау – 5%–ын және мәдениет - 6%-ын құрады. Сондай-ақ, құжаттарды БАҚ өкілдері де тапсырды, олардың саны 5%-дан асты.
Әңгімелесуді өткізу кестесі мен кандидаттар тізімі Алматы қаласы Мәслихатының сайтында қолжетімді. Сайлау процесінің ашықтығын, транспаренттілігін және әділдігін қамтамасыз ету үшін барлық сұхбаттар тікелей эфирде көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс тобының барлық отырыстарына тәуелсіз байқаушылар қатысады.