Белгілі блогер Dauletten (Дәулет Мұқаев) 36 жастағы әйелдің тұсауын кесті. Көпбалалы ана сүріне беретінін айтып, блогерге осындай өтініш жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дәулет Мұқаев ырымын жасап, 36 жастағы Самал есімді оқырманың тұсауын кесті.
Бұл туралы блогер өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Самал есімді оқырманым келіп, тұсау кесуді сұрап тұр. «Әзілдеп тұрсыз ба?» десем «Жоқ, мен сүріне беремін, тұсауым кесілу керек» дейді. Бұл жолы Самал ханым сұрағаннан кейін тұсауын кесейік. Ырымын жасап, 36 жастағы Самал есімді оқырманымның тұсауын кеспекшімін. Ақ жол енді, сүрінбеңіз. Бұған дейін 28 жастағы Қарағандылық келіншек те тұсауын кесуді сұрағанда, ыңғайсызданып кеспеген едім. Оқырманның баласының да тұсауын кестік»,— деді Дәулет Мұқаев.