«Жарты күнге тағуға болады ғой»: Асанәлі Әшімов атышулы көлік нөмірі туралы пікір білдірді

Әлеуметтік желіде абыз актер Асанәлі Әшімовтің көлігінің нөмірі түсірілген видео шу тудырды. Актер мемлекеттік нөмірдің орнына өз есімі жазылған нөмір тағып алған. Әшімов көптің сынына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: sn.kz

Актердің айтуынша, ол ерекше нөмірді тек кино түсірілімі үшін таққан.

«Құрметті әлеумет, әлеуметтік желіде шулап жатқан менің көлік нөмірім. Менімен бірге екі кино түсірілім тобы жүр, сол кино үшін уақытша ғана тағылған. Оны ылғи тағып жүрмеймін, білемін ғой.


Тәртіп бұзбасақ, бір мезгіл жарты күнге тағуға болады ғой. Жолда, көшеде түсірді. Бұл — менің деректі фильміме шығатын нәрсе», — деп түсіндірді Асанәлі Әшімов.

Айта кетейік, мемлекеттік нөмірдің орнына, Асанәлі Әшімовтің есімі жазылған көлік түсірілген видео желі қолданушыларының талқысына түсті. Оқиға туралы полиция қызметкерлері пікір білдірді.