Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды sn.kz.
Бұл жайлы ҚР-ның Ресейдегі елшілігі хабарлады.
Шараға сондай-ақ қала басшылығының өкілдері, жергілікті «Атамекен» қазақ мәдениеті қоғамының мүшелері, солтүстік астана тұрғындары мен қонақтар қатысты.
Ескерткіш Санкт-Петербург қаласы Үкіметінің, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің, Ақтөбе және Атырау облыстары әкімдіктерінің ортақ қолдауларының арқасында қойылды.
Шығармашылық жобаның авторы — белгілі қазақ мүсіншісі Едіге Рахмадиев. Оның айтуынша, Әлияның бейнесіне оның өмір бойы сақталған санаулы және ең жақсы фотосуреттерінің бірін алған.