Әлеуметтік желіде трансгендерлердің концерті жарияланды. Желі қолданушыларының айтуынша концерт Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетте өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бұл Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетте бүгін өткен концерт екен. Мұндай жобалар жастарға ауадай қажетті болғаны ма? Әркімнің өз таңдауы деп қоя салуға болар еді. Бірақ біз мектеп пен ЖОО-на орамал кигізбейтінімізді естен шығармайық. Сонда қайдағы таңдау, зайырлылық дегеніміз осы ма?!», – деп жазды журналист Ерқанат Көпжасар.
Желі қолданушылар да бұл шараға қарсылықтарын білдіріп, пікір қалдырған.
«Рұқсат берген барша басшыларын жоғалту керек. Қаныш Сәтбаевтың ескерткішінің алдын жын-ойнақ қылып». «Орамалмен жағаласып еді осындайлармен жағаласпайма? Надандық». «Мәдениет пен өркениет деген ұғымдарды мүлдем түсінбейтін жастар қалыптасты». «Университет әкімшілігі, ұстаздар қайда қарап отыр?», – деген секілді түрлі пікірлер жазып жатыр.