2022 жылдың бірінші тоқсанында Ресейден Қазақстанға 204 947 адам кеткен. Мұндай деректер Ресей Федерациясының барлық ведомствоаралық статистикасы жинақталатын жалпыресейлік ЕМИСС платформасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жылдың алғашқы үш айында Ресейден барлығы 3 млн 880 мың 679 азамат кеткен.
2022 жылдың бірінші тоқсанында Ресейден кеткен азаматтардың 38 281 адам Грузияға, 134 129 адам Арменияға, 53 084 адам Өзбекстанға, 40 054 адам Тәжікстанға кеткен.
Ресейден Украинаға 328 мың адам, Қазақстанға 204 947 азамат кеткен. 2021 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш шамамен 122 330, 2021 жылдың соңғы тоқсанында 239 413 болған.
Наурыз айының соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Ресейден Қазақстанға еңбек мигранттарының көп ағыны жоқ деп мәлімдеген.
«Бүгінде біз Ресейден еңбек мигранттарының көп ағынын көріп тұрған жоқпыз. Қазір Қазақстанда 100 мыңға жуық ресейлік азамат бар. Оның 6 мыңы 2022 жылдың басынан бері жұмысқа келген», — деді ол.