Оқырман қауым Мақпал Жүнісованы қолдап, ыстық лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен шулы видеодан соң Мақпал Жүнісова көпшілік алдына шықпай кетіп еді. Ол видеода халық әртісі жалғыз қызы Мерей — туған қызы емес екенін мәлімдеді.
Аталған атышулы видеоға дейін желіге түрлі суреттерін жариялап, жазба жазып, оқырмандармен тығыз байланыста отыратын халықтың ерке қызын көпшілік жоғалтып алған болатын.
Осы оқиғадан кейін үнсіз қалған әнші Instagram-дағы парақшасына видео салды.
Әнші парақшасына «Адамдар кешіріңдер» деген әнін салып қойған. Ұзақ уақыттан соң әлеуметтік желіге шыққан Мақпал Жүнісованыхалық қуана қабылдады.
Әннің астына оқырман қауым Мақпал Жүнісованы қолдап, ыстық лебіздерін жеткізді. Оқырмандары «Жаным апатайым», «Жан-дүниеңізді түсінбей жатсақ, кешіріңізші», «Алтын апатайым» деп қолдау білдірді.