Солтүстікке қоныс аудару: «Орысша білмесең, қазақ мектебіне жұмысқа алмайды»

Солтүстік өңірдің тұрғындары жылдан-жылға қысқарып келе жатқаны бәрімізге белгілі. Осы тұста еліміздің халқы тығыз орналасқан аймақтарынан Солтүстікке адам көшіріп қазақтандыру саясаты бастау алған болатын, деп хабарлайды ztb_kazakhstan.

Фото: «NewTimes.kz» АА

Кейбір жас мамандарға пәтер беріп жатыр, жұмыспен қамтып жатыр дегенді естіп өз еріктерімен келгендері де бар.

Ал Арайлым есімді Солтүстікке қоныс аударған тұрғынның айтуынша мұнда орысша білмесең, қазақ мектебіне жұмысқа алмайды екен.

Алматыдан қоныс аударған Индира Сайфуллақызының сөзіне қарағанда жоғарыда аталған уәделердің ешбірі жасалмаған сыңайлы. Ол алғаш табиғаттына ерекше назар аударған.

«Неге біздің қазақ осындай сұлулықты тастап Алматы, Астана деп жүреді екен деген ой келді. Бірақ президент бұл бағдарламаны ашты ғой, дегенмен халыққа жетпей жатыр. Біз президент істемей жатыр деп кінәлаймыз. Ал ол істеді. Соның бәрі жол-жөнекей жоқ болып кетіп жатыр. Бұған кім жауап береді?! Дипломы бар адам не істейді мына жерде? Мал баға ма?» — дейді Индира Сайфуллақызы.