Төреғали Төреәлінің жары: «Өзімді тек тірлік істеп, бала туатын адам ретінде сезінемін»

Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбек жаңадан отбасын құрғаннан кейін басынан қандай қиындықтар өткенін айтты. Ол бір кездері өзін «тек бала туып, тірлік істейтін, ешкімге керексіз жан» сезінгенін жасырмайды. Алайда бүгінде бес бала тәрбиелеп отырған келіншек өткеніне алғыспен қарайтынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қарап отырсам, жаңадан отбасын құрған Төреш пен Толқын бүгін өздері армандаған отбасына айналып келе жатыр екен. Аллаға сансыз шүкір.

Жап-жас жаңадан құрылған отбасы. Төремнің тоқтаусыз гастрольдік сапары. Қатар-қатар туылған балалар.


Өзімді бір уақыттары ешкімге керексіз, тек тірлік істейтін, бала туатын, қонағы бітпейтін, шаршап кеткен, өзін жақсы көрмейтін адам ретінде сезінген кездерім болды.


Елдің көңілінен шықсақ деген қалыптасып кеткен стереотиптен мен де шыға алмайтынмын. Әрі мұның бәрі менің ішімде арпалысып жататын. Нағыз жертваның бірі мен болғанмын», — деп ағынан жарылды Толқын.

Тұрарбекқызы өткен күндерін еске алғанда күлкісі келетінін жасырмайды. Әйтсе де, ондай күйге өз еркімен түспегенін және дер кезінде шыға алғанын атап өтті.

«Қазір күлкім келеді, әрине. Бірақ ол адамның өзіне де байланысты емес. Әдейі сол күйге түспейді әрі ол күйде жүргенін де білмейді. Барлық адамның басынан әртүрлі кезеңдер өтетінін мен қабылдаймын. Онсыз адам адам болмас еді. Өзімнің ол кезеңдеріме күлімдеп, алғыспен қараймын.


Себебі ол Алланың қалауымен менің бүгініме жеткізіп отырған, менің алып келе жатқан өмірлік сабақтарым», — деді ол.